Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

 «Мұздай сумен атқылады, 6 қабаттан секіріп кетті»: Композитор

16.12.2024

228 0

Сурет:halyk.uni

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам…» деп басталатын «Қазақ қызы» әні желтоқсаншы Ләззат Асановаға арналған. Бұл туралы Alash.kz  хабарлайды.

 "Мұздай сумен атқылады, 6 қабаттан секіріп кетті": Композитор

Кейіпкеріміз өзі де Желтоқсан көтерілісіне қатысқан.

«1985 жылы Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне оқуға түстім. Ләззатпен бір курста қатар оқыдық, ол қобыз бөлімінде білім алды. Менің жасым 31-де, Ләззат небары 16-да еді. Мен оның өкіл ағасы, ол менің қарындасым ретінде жақын араластық. 86-ның ызғарындағы қанды қырғынға бірге қатыстық. Түнгі сағат 1-дің шамасында бізді алаңнан мұздай сумен атқылап қуып шықты. Алаңнан сол кезде жігіттерден бір мысқал да кем емес өжет қыздарды көрдім. Жиналған халықтың көптігі сонша, біз Ләззаттардан бөлініп кеттік. Артынан жатақханаға жиналдық. Бір-екі күннен кейін Ләззат тергеушілер алаңға бірге барғандардың атын атап, қол қойып берсе, қыспаққа алмай босататынын айтты. Мен оны қол қоймауға шақырдым. Бұл әрекеттен түк шығара алмағасын оған жатақханадағы бір қыздың сақинасын ұрлады деген жала жауыпты. Бұл жала қайсар қыздың жанына қатты батты. Алаңдағы қорқынышты оқиғадан бірнеше күннен кейін жатақханада «алтыншы қабаттан бір қыз секіргелі тұр» деген хабар жетті. Ұл-қыздар мен мұғалімдер қатар балконға қарай жүгірдік. Секіргелі тұрған қыздың Ләззат екенін қасына жеткенде бір-ақ білдім. Көмекке ұмтыла бергенде екі қолымен бетін басқан күйі жерге қарғып үлгерді. Өкінішке қарай аман алып қала алмадық. Қасына барып, қолынан ұстағаным үшін мені бір ай тергеді»,  – деді композитор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: