Бейсенбі, 28 қараша, 00:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Мутацияланған коронавирус балаларға үйір» – Жандарбек Бекшин

31.03.2021

1982 0

Былтыр жарты жылдың ішінде бұл індетпен 281 оқушы тіркелсе, биыл үш айдың ішінде дертті мың жарымға тарта бала жұқтырған.

Мутацияланған коронавирус балаларға үйір. Осылай деген Алматының бас санитар дәрігері оқушыларды төртінші тоқсанда да қашықтан оқыту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Мектептерде тек кезекші сыныптар жұмыс істейді. Онда да әр сыныптағы оқушы саны 15-тен аспауы керек. Әрі бұл талап тек бастауыш және мектепті бітіруші сыныптарға қатысты.

Ал «жасыл» аймақтағы өңірлерде каникул біткен соң оқушылар мектепке қайта оралатын болды. Өзгеріске ұшыраған вирус алматылық балалардың арасында тез тарап, мамандарды алаңдатып отыр. Әсіресе соңғы апталарда Covid-19-бен тіркелген бала еселеп көбейген. Былтыр жарты жылдың ішінде бұл індетпен 281 оқушы тіркелсе, биыл үш айдың ішінде дертті мың жарымға тарта бала жұқтырған. Сондықтан, Алматыдағы ұл-қыздар мектепке оралмайды.

«Қызыл» аймақта қабылданған жаңа қаулыға сәйкес, төртінші тоқсанда тек кезекші сыныптар жұмыс істейді. «Ата-аналардың өтінішімен оқушы саны 15 адамға дейін 1-5 сыныпқа дейін, 9-11 сыныптар оқушыларына кезекші сыныпқа рұқсат беру туралы шешім шығарылды», – дейді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Талап тек мемлекеттік емес, жеке меншік мектептерге де қатысты. Кеше індет өршіп тұрған Нұр-Сұлтан қаласында да IV тоқсанда оқушыларды онлайн оқыту туралы шешім қабылданған. Мұнда тек мектеп бітіруші түлектер партаға оралады. «Жасыл» аймақтағы өңірлерде жағдай басқаша. Солтүстік Қазақстан облысында бейсенбіден бастап барлық сыныптағы ұл-қыздар мектепке бара бастайды. Өңірдегі білім ордаларының басым бөлігі шағын. Білім алушы саны 300-ден аспайды. Мұндай мектептерде дәстүрлі оқыту жалғасады.

Ал құрамы 300-ден асатын білім мекемелерінде аралас оқу форматы сақталады, яғни пәндердің 30 пайызы онлайн оқытылады. «Алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ тілі,орыс тілі, шет тілі пәндерінің 70 пайызы мектепте оқытылады. Қалған 30 пайызы қашықтан оқытылады», – дейді СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 8 оқушы және 5 мұғалім коронавируспен ауырып жатыр. Осыған байланысты екі мектеп карантинге жабылған. Тек осы мекемелер әзірге қашықтан оқиды. Соңғы тәулікте Солтүстік Қазақстанда індетпен 25 науқас тіркелді. Мамандар өңір қауіптің «сары» деңгейіне өтсе, білім беру форматының аяқасты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: