Жұма, 27 желтоқсан, 14:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Н.Нәлібаев: «Қызылорда облысы орталығында қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешілді»

20.11.2024

800 0

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы туралы мәлім етті.

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты», – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.

Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның 1-і халықаралық, 7-і облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта.

Экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: