Қарағандыда аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Облыстық полиция департаменті ер адамның өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Бүгін кешке біздің оқырман Қарағандыдағы «Көгілдір тоғандар» аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Оқырман Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіруде. Жігіттің телефоны болған, ол қосылмай тұр. Өйткені найзағай кезінде смартфонға зақым келген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз»,
Облыстық полиция департаменті адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін түсіндірмеді.
«Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде», – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің жауабында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!