Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нақты ақпарат алаңы

30.12.2023

983 0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бақ өкілдері үшін өңірлік коммуникация орталығының орны бөлек. Нақты ақпарат алуға мүмкіндік жасап, іздеген кейіпкерді сұхбатқа жетелеп әкелетін қызметімен ерек. Бір сөзбен айтқанда, нақты ақпарат алаңы. «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің директоры Гүлнұр Бүркітбаева БАҚ өкілдеріне жылды қорытындылап брифинг берді.

– Биылғы жыл өңірлік коммуникациялар қызметі үшін табысты әрі жемісті жыл болды. Жыл басталғалы орталық облыстың оң имиджін қалыптастыру үшін бірнеше ауқымды іс-шара өткізіп, билік пен БАҚ арасында дәнекер болып, түрлі креативті дүниелер шығаруда. Жаңалықтар мен ақпараттық контентті қалыптастыру бөлімі баспасөз мәслихаты мен көшпелі брифинг өткізіп, қала және аудандарда баспасөз турын ұйымдастыру арқылы аймақтағы жаңалықтарды жариялап, белсенді жұмыс істеуде. Биыл ақпарат алаңында 369 брифинг пен 62 көшпелі брифинг және 28 баспасөз туры өткізілді. Оған 424 спикер қатысты. Олардың қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев пен ҚР Парламенті Сенатының және Мәжіліс депутатары және танымал эстрада жұлдыздары қатысты. Одан бөлек, еңбек адамдары, облысқа белгілі меценаттар мен өңірлік коммуникациялар қызметінің жанынан құрылған сарапшылар қонақ болып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде 2000-нан астам ақпараттық баннер мен 500-ге жуық роликтер әзірленді.
Сонымен қатар жаңа бағдарламалар көрерменге жол тартып, еркін форматта «Кешкі кофе» жобасының 5 шығарылымы жарық көрсе, жаңа «TED Q» ашық алаңы ұйымдастырылып, оған арнайы сарапшылар қатысқан.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жыл басынан бері екі мәрте баспасөз мәслихатын өткізіп, брифингтің жоғары дәрежеде өткеніне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Бұл біздің орталық үшін үлкен жетістік, – деді орталық директоры.
Сөз соңында жыл бойы қоғамдық мәселеге үлес қосып, белсенділік танытқан бірқатар сарапшылар марапатталды.
Өңірлік коммуникация орталығы еңбек адамдарын да назардан тыс қалдырмады. Олар туралы арнайы сюжет түсіріп, «Кәсіп қыламын десеңіз…» айдары мен «Нүкте» және «Ашығын айтсақ…» атты хабар дайындауда. Тіпті танымал тұлғалардың қыр-сырын жұртшылыққа жеткізу мақсатында «10 сұрақ» бағдарламасын жүзеге асырса, бұдан бөлек қала тұрғындарының пікірін сұрау арқылы қызықты сауалнамалар жүргізіп келеді.
БАҚ пен биліктің алтын көпіріне айналған өңірлік коммуникация орталығы алдағы жылы да өз қызметін жандандыра түсуді жоспарлауда. Ақпараттар ғасырында шынайы, нақты, ең бастысы кейіпкердің өзін сөйлетуге мүмкіндік жасайтын орталықтың журналистер үшін орны ерекше.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: