Жексенбі, 24 қараша, 13:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Нартай Аралбайұлы: Орал су астында қалуы мүмкін, Ресейден Қазақстанға қарай су көп келіп жатыр

31.03.2024

1005 0

Сурет:massaget.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Батыс Қазақстан облысының жедел штабына барған. Ол Орал су астында қалуы мүмкін екенін айтты. Өйткені Ресейдің су қоймаларынан Қазақстанға қарай өте көп су келіп жатқан көрінеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Себебі ауа температурасы көтеріліп жатыр, жауын-шашын шамадан тыс түскен, оған қоса Ресейден Қазақстанға қарай ағатын өзендерге артық су жіберілі жатыр. Салдарынан Жайық, Деркөл және Шаған өздерінің арнасынан асып тасу қаупі бар. БҚО орталығымен өтетін Шаған өзенінің дейгейі 1 тәулікте 1 метрден аса көтерілген. Олай болған жағдайда Орал қаласын су басу қаупі бар деді штабтағы мамандар», – деп жазды ол.

Депутаттың сөзінше, Батыс Қазақстан облысына ең жақын Ресейдің Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 372 текшеметр су құйылып жатыр. Сондай-ақ, Варфоломеев су қоймасынан Сарыөзенге секундына 100 текшеметр су келіп жатыр. Бұл өте көп.

«Ал Жайық өзеніне келсек, оның максималды биіктігі 8,5 метр, одан асса Оралды су шаю қаупі бар. Бірнеше өзеннің қатар тасуы 1994 жылы тіркелген екен. Ол өте қатерлі жайт. Бірақ мамандар күн-түн демей тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жатыр. Жалпы Батыс Қазақстан облысындағы 9 ауданда су тасу қаупі бар.25 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб өз жұмысын бастады. Осы күнге дейін штабқа 2690 өтініш келіп түскен. Қазір тасқын судан қатты зардап шеккен Қаратөбе ауданы мен Сырым ауданына аттандым», – деп жазды Нартай Аралбайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: