Жексенбі, 12 сәуiр, 12:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26 (2238)
11.04.2026
PDF мұрағаты

NASA басшысы Байқоңырға келеді

12.04.2026

33 0

Фото: yahoo.com

NASA басшысы Джаред Айзекман 2026 жылдың шілдесінде «Союз МС-29» кемесінің ұшырылуын өз көзімен көру үшін Байқоңыр ғарыш айлағына келуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды  kursiv.media

Шілде айына жоспарланған миссия аясында Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) американдық астронавт Анил Менон мен ресейлік ғарышкерлер Пётр Дубров және Анна Кикина аттанбақ. Анил Менон үшін бұл ХҒС-қа жасалатын алғашқы сапары болмақ.

NASA өкілдері Айзекманның бұл сапары аясында «Роскосмос» басшысы Дмитрий Бакановпен жеке кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ведомствоның хабарлауынша, NASA басшысы станция бойынша әріптес болып табылатын барлық шетелдік ғарыш агенттіктерінің жетекшілерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.

Қазақстан және SpaceX: 2027 жылға жоспар

Ресейлік кемелер Байқоңырдан аттанып жатқанда, Қазақстан ғарыш саласындағы жеке жобаларын белсенді түрде дамытып жатыр. Еліміз 2027 жылға қарай Жерді қашықтықтан зондтауға арналған үш жаңа спутнигін орбитаға шығаруды көздеп отыр.

Бұл маңызды миссия Илон Масктің SpaceX компаниясының зымыраны көмегімен жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда Астанада спутниктерді құрастыру және сынақтан өткізу жұмыстары қызу жүріп жатыр:

  • Барлық қажетті жүйелер сатып алынды.
  • Қондырғыларды соңғы тексеру және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту (перепрошивка) жұмыстары жүргізілуде.
  • Алғашқы сынақтар осы жылдың ортасында басталады.

Еске сала кетейік, бүгін 11 сәуір күні Айды айналып келген NASA-ның төрт астронавты бар «Орион» ғарыш кемесі Калифорния жағалауындағы Тынық мұхитына сәтті қонған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: