Жексенбі, 29 желтоқсан, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Науқастармен әрдайым қазақ тілінде сөйлесемін»: Шымкенттік корей ұлтының өкілі қазақшасымен көпті таңқалдырды

22.06.2023

790 0

Корей ұлтының өкілі Вячеслав Ли қазақ тілінде еркін сөйлейді. 10 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер тіпті қазақ тілінде қалай еркін сөйлеп кеткенін өзі де байқамай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нефрологтың айтуынша, мемлекеттік тілді білу оған науқастармен, достарымен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Ол бұл тілді үйренуге көп күш жұмсамағанын, барлығы тәжірибемен келгенін алға тарты

«Қазақ тілінде қалай сөйлеп кеткенім есімде жоқ. Ешқашан арнайы курстарға барған емеспін. Тіпті мектеп пен университетте де орыс тілінде оқыдым. Бірақ науқастармен әрдайым қазақ тілінде сөйлесемін. Сол көмектесті деп ойлаймын. Қазақстанда тұрған соң, қазақ тілін білу міндетіміз деп ойлаймын», – деді Вячеслав Ли.

Дәрігер Лидің көптеген күрделі операцияларды, соның ішінде бүйрек трансплантациясын жасайды. 

«Вячеслав – жақсы дәрігер. Ол біздің ауруханада трансплантацияның дамуына ерекше назар аударады. Ол ешқашан жұмысқа кешікпейді және өз міндеттерін құлшына орындайды», – дейді дәрігер Болатбек Өтебеков.

Қазақша сайрап тұрған дәрігердің науқастары да оны ерекше құрметтейді екен. Олардың айтуынша дәрігер Ли әрқашан қамқорлық көрсетіп, бәрін түсінікті түрде айтып, көрсетіп отырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: