Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

«Наурыз» бағдарламасына өтінім беру қашанға дейін жалғасады?

10.12.2025

68 0

Фото: info.homsters.kz

«Отбасы банк» ресми сайтында өтініш берушілер мен бағдарлама қатысушыларының толық тізімі жарияланды. Барлығы 25 260 өтініш қабылданған. Аталған ұйымның баспасөз қызметі мәлімдегендей, тізімге кірген 9 мың адамның ішінде 3 332 қатысушы (37 %) тұрғын үй кезегінде тұрғандар екен. Ал олардың жартысынан көбі әлеуметтік осал топ санатындағылар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рrodengi.kz мәліметінше, бағдарламаға қатысушылардың 6 322-сі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тұрады. Бағдарламаға облыс орталықтарынан 2 277 азамат енген. Ал аудандар мен монокенттерде тағы 401 тұрғын банк клиенті.

Қатысушылардың көбі – 35 жасқа дейінгілер (барлығы 5 379 адам). Бұлардың басым бөлігі үйленген және балалы жастар.

Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасының қазіргі тізімінде 21,3 % қатысушылар – әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

«Осыған байланысты, барлығы 2026 жылғы 13 қаңтарға дейін, яғни осы күнге дейін «Отбасы банкке» несиеге өтініш беруді аяқтауы тиіс. Өтінішті банк бөлімшесіне бармай-ақ, онлайн түрде беруге болады», деп хабарлады қаржылық ұйым.

Егер бағдарлама қатысушысы несие алған болса, онда оған тұрғын үй іздеп, сатып алу үшін 6 ай уақыт беріледі.

Қабылданған өтініштерден белгілі болғандай, ел тұрғындары «Наурызға» алдын-ала саналы түрде дайындалған. Өйткені ең көп балл сыйақы үшін есептеледі.

«Отбасы банк» отандастарымызды қолжетімді шарттармен тұрғын үй алуға қаржы жинақтауға үйрететіндіктен, балл санағанда жинақтардың мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ең үнемшіл салымшылар «Наурыз» бағдарламасына қатысушылар тізіміне енуге көбірек мүмкіндік алады.

Балл қалай есептеледі:

– депозит бойынша сыйақының мөлшері – әр 1 000 теңге сыйақы үшін 1 балл;

– тіркелген некесі бар азаматтарға – 5 балл;

– балалы жандарға (балалар санына қарамастан) – 10 балл;

– әлеуметтік осал топ санатындағыларға – 10 балл;

– 35 жасқа дейін (қоса алғанда) – 5 балл.

Мысалы, 1 000 балл жинау үшін «Отбасы банктегі» депозит бойынша сыйақы көлемі 1 млн теңгеге жетуі тиіс. 500 балл – 500 мың теңге сыйақы үшін, 200 балл – 200 мың теңге сыйақы үшін беріледі. Ең бастысы – жинақтағы ақша емес, депозит бойынша алынған сыйақы. Оның мөлшері депозитті тұрақты толықтыру мен салым мерзіміне байланысты. Депозитті әрдайым әрі жүйелі толықтырып, оны ұзақ уақыт бойы сақтаған сайын сыйақы мөлшері арта береді. Тек шотта мол сома болғаны жеткіліксіз, егер оның депозитке салынған мерзімі аз болса, балл аз болып есептеледі. Мысалы, қатысушылар тізімінде ең көп балл жинағандар – 2011-2013 жылдары депозит ашып, үнемі толықтырып отырған тұрғындар екен. Яғни, «Отбасы банкте» депозитті ертерек ашып, оны жиі толықтырған салымшылар жеңіске тезірек жетеді.

Маңызды жайтты айта кетсек, өтініштерді ретке қою тек бағдарламаға қатысуға өтініш бергендер арасында жүргізіледі. «Отбасы банк» ең жоғарғы немесе ең төмен балл деген шекті өзі белгілей бермейді, бұл міндет автоматты жүйеге жүктелген. Жүйе жинаған балл бойынша қатысушыларды жоғарыдан төменге дейін сұрыптайды. Мысалы, қазіргі уақытта ең жоғарғы балл – 1556,47; ал алдыңғы іріктеулерде – 1 421,29 және 1 032,44 болған.

«Отбасы банк»-тің кеңестері

– отбасылық пакет шеңберінде жинақтау. Яғни, тұрғын үйді сатып алу үшін бүкіл отбасы бірге жинақтайды. Әр отбасы мүшесі өз атына депозит ашады, жүйелі түрде толықтырады, ал өтініш бергенге дейін шоттарды бір депозитке біріктіруге болады.

– депозитті үзбей толықтырып отырудың маңызы зор. Бір ай ішінде бір рет емес, қаржылық мүмкіндігі болса, бірнеше рет салым жасау ұсынылады.

– зейнетке шыққаннан кейінгі артық ақшаны депозитке аудару. Өз зейнетақы шотының жағдайын мезгіл-мезгіл тексеріп отыру керек. Мүмкін, шотта минималды жеткілікті сомадан артығырақ мөлшердегі сома бар шығар, егер болса, оны депозитке бағыттауға болады.

– сондай-ақ ипотекалық несие алу мүмкіндігі де қарастырылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: