Көктемде Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстаннан Өзбекстанға екі туристік пойыз жолға шығады. Сапар барысында жолаушылар негізгі көрікті жерлерді аралап, екі елдің мәдени мұрасын тамашалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пойыз Jibek Joly деп аталды. 20 наурызда Алматыдан шығып, Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларын аралап, алты күннен кейін діттеген жеріне қайтады. «Керуен экспресс» те Алматыдан шығады. Бірақ бір күннен кейін.
Ол бірінші пойызбен бірдей бағытпен жүреді, бірақ Таразға да барады.
Тур пакетіне тек саяхат қана емес, кәсіби гидтер, тамақтану, көрікті жерлерін аралау және экскурсиялар кіреді.
Сапар барысында жолаушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Керуен сарайды тамашалайды.
Өзбекстанда оларға Хазіреті Имамның тарихи кешені, Барақ хан медресесі және басқа да танымал орындар көрсетіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!