Наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында әуе компаниялары ішкі рейстер санын көбейтіп жатыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті ақпарат таратты, – деп хабарлайды kursiv.media
Air Astana мен FlyArystan
Комитеттің мәліметінше, Air Astana және FlyArystan 2026 жылы 16-29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс орындайды. Оның 80-і Алматы – Астана бағытындағы сапарлар.
Сонымен қатар Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.
SCAT
SCAT әуе компаниясы өз кезегінде 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, сондай-ақ Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады. Сонымен қатар 23-26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, сондай-ақ Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бірден рейс қосылады.
Жолаушылар ақпаратты қайдан көре алады
Қосымша рейстердің ашылуы ел ішінде қатынауды жеңілдетіп, азаматтардың мерекедегі сапарларын жоспарлауына мүмкіндік береді.
Жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын-ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.
Айта кетейік, Көлік министрлігі салада 2026 жылы қандай жаңашылдықтар болатыны турасында ақпарат жариялаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
