Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

«Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» арқылы ипотека беру 2 есе артты

03.12.2025

34 0

Фото: vk.com

«Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларына кредит беру көлемі 500 млрд теңгеге жеткізілді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген кредит беру көлемі 2 есеге артты. Жалпы кредит беру көлемі 500 млрд теңгеге жеткізілді, – деді ол.

Жоспарлы түрде тұрғын үй құрылысын дамыту шаралары жүзеге асырылып жатыр. 10 айда 14,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары.

Әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін биыл әкімдіктер 222 млрд теңгеден астам сомаға 14 мыңнан астам жалдамалы пәтер сатып алуды көздеп отыр, – деді Бозымбаев.

Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 11,2 мың несиелік пәтер салу және сатып алу үшін 140,2 млрд теңге көлемінде қаражат келісілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: