Бейсенбі, 06 наурыз, 05:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17, 2130
04.03.2025
PDF мұрағаты

Наурыздан бастап ескі телефондарда WhatsApp істемейді

05.03.2025

50 0

Фото: Pixabay.com

Наурыздан бастап WhatsApp мессенджері көптеген смартфондарда істемейді. Әзірлеушілер қандай телефондар енді мессенджерді көтере алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

WhatsApp-та жаңа өзгерістер пайда болады. Соның кесірінен жаңа функциялар мен жаңартуларды ескі операциялық жүйелер көтере алмайды. Енді WhatsApp-ты көтермейтін құрылғылар тізімінде iPhone-ның бірнеше ескі үлгілері, соның ішінде iPhone 6 және iPhone 6 Plus бар.

«IOS-тың бұрынғы нұсқалары бар модельдер WhatsApp-сыз қалады. 5 мамырда мессенджердің сол құрылғыларда қызметі тоқтайды. Қолданба қазір iOS 12 немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPhone құрылғыларында жұмыс істейді. WhatsApp 15.1 нұсқасынан төмен iOS нұсқасы бар үлгілерде де жұмысын тоқтатады», – деп хабарлады Meta.

10 наурыздан бастап WhatsApp қай смартфондарда жұмысын тоқтатады:

  • Samsung Galaxy S3;
  • Samsung Galaxy Note 2;
  • Motorola Moto G;
  • HTC One X;
  • LG Optimus G;
  • Nexus 4;
  • Sony Xperia.

Қолданбадағы ақпаратты сақтау үшін алдымен деректердің сақтық көшірмесін жасап, ақпаратты жаңа гаджетке тасымалдау керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: