Жексенбі, 29 наурыз, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Наурызнама: күш пен жігер сыналған сәт

26.03.2026

13 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Көшпенді өмір салтын ұстанған қазақ халқы үшін спорт күш сынасу ғана емес, рухани мұраның ажырамас бөлігі. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі Наурызнама күндерін атап өтуде кейін тартпады. Мәселен, ұлттық спорт күнінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілерге облыстық спорт басқармасымен бірлесе отырып спорттық сайыс өткізілді.

Сайыс барысында арқан тартыс, ләңгі тебу, турникке тартылу және гір көтеру сияқты спорт түрі қамтылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен күш-қайратын көрсете білді. Әрбір ойын тартысты өтіп, топтар арасындағы өзара қолдау да байқалды.

Ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді өткізу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әрі олардың рухани және физикалық дамуына ықпал етері айтпасақ та түсінікті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: