Сенбі, 21 желтоқсан, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

NEET санатындағы жастар көп өңірлер анықталды

11.10.2022

739 0

ҚазАқпарат – Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аудару керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аудару керек. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңнан астам жастар шығады. Олардың жұмыс тәжірибесі жоқ. Сондықтан жастарға бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмектесу керек», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың саны Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында көп екендігіне назар аудартты.

«Ал, бұл өңірлерде мамандарға сұраныс көп. Аталған облыстардың әкімдіктері жастарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін жеке бақылауға алсын», – деді Үкімет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: