Жұма, 27 желтоқсан, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Neet санатындағы жастарға жаңа мүмкіндік

01.02.2022

1047 0

Соңғы үш жылда 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан NEET санатындағы яғни оқымайтын, жұмыс істемейтін және қазіргі уақытта өз біліктілігін арттырмайтын жастардың үлесі 8,2%-ды құраған. Осы азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында іс-шаралар іске асуда. Нәтижесінде, NEET санатындағы жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмыс жасауда. Биыл осы жобамен 147 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.

«Жоба аясында түлектердің алған мамандығы бойынша жұмыс орындары құрылады және жалақыны субсидиялау мерзімі 18 айдан аспайды. Осы жылы жобаға қатысушылардың жалақысы 91890 тг дейін көтерілуде. Жергілікті бюджеттен 108,1 млн.теңге қаржы бөлінді, алдағы уақытта республикалық бюджеттің нақтылануына 1000 адамды қамту үшін қосымша қаржы қажеттілігі туралы ұсыныстар жолданды. Ал, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының түлектері үшін жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында ұйымдастырылатын жастар практикасына 2091 адамға 960,7 млн.теңге бөлініп отыр. Ағымдағы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар практикасына қатысушылардың жалақысы 76575 тг-ден 91890 тг-ге дейін көтерілді, қатысу мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұлғайтылуда. Қатысушылар санын 5 мыңға дейін көбейту жоспарлануда», – деді Жанар Жұмабекқызы.

Айта кететін жайт, жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлердегі де бос жұмыс орындары ұсынылады.

Сонымен қатар, облыстық «Жастар ресурстық орталығында» NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімі құрылды. Облыс бойынша жастардың дерекқор базасын жасақтау мақсатында адрестік жұмыстар бастау алды.

«Қазіргі таңда 1 наурызға дейін облыс орталығы мен аудан орталықтарында адрестік жұмыстар жалғасуда. Аталмыш жұмыстар аяқталғасын тиісті дерекқор базасы жасақталып, NEET санатындағы жастардың санын азайту, оларды оқыту, жұмыспен қамту, әлеуметтендіру, кәсіпкерлікке баулу және т.б. бағыттар бойынша тиісті салаларға ұсыныстар беріледі», – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: