Еліміздегі көкөніс дүкендерінің бірінің сатушысы кассадағы төлемге қатысты қарапайым адамдар бажайлай бермейтін мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Бұрын дүкенге барып, касса алдына барғанда сатушы: «Сізде карта ма, әлде QR ма» деп сұраса, кәдімгідей жыным келетін. Көбіне, картаны сипай салған жақсы ғой. Қазір өзімнің көкөніс дүкенім бар. Сатушылардың неге бұлай сұрайтынын енді түсіндім. Жаныңыз ашыса, картаңызды ала жүгірмеңіз. Тіпті, Каспий терминал өз картасынан 1,29% комиссия ұстайды, ал Халық пен Форте өзге банк карталарынан 0,8% алады. Сондықтан Каспий арқылы төлем жасасаңыз, онда тек QR-ды қолданғаныңыз абзал. Ал карта болса, алдымен бұл туралы сатушыға ескерткен жөн», деп жазады Threads желісінің gulim_bazylkyzy деген қолданушысы.
Сондықтан, ол кассир QR арқылы төлем жасауды сұрағанда тұтынушы жағдайын қиындатайын деп емес, өзі үшін ай барысында үлкен сомаға айналатын 0,34% пайызды үнемдеуге тырысатынын айтады.
Мамандар дүкенде картамен төлем жасауда 1,29%, ал QR-да 0,95% комиссия ұсталатынын айтады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
