Сейсенбі, 07 қаңтар, 10:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Некелесу алдында генетикалық тестілеуден өту міндеттеледі

05.01.2025

152 0

Фото: ©El.kz/

Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау министрлігі некелесу алдында жұптар міндетті түрде генетикалық тестілеуден өтуі тиіс делінген қаулы шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The Jerusalem Post мәліметінше, бұл заң 1 қаңтардан бастап күшіне еніп отыр. Бұған дейін елде жергілікті тұрғындар да, шетелдік азаматтар да некесін қидырар алдында медициналық тексерістен өтуі тиіс болатын. Ал генетикалық тестілеу өту таңдау бойынша жүзеге асырылатын.

Ведомство өкілдері бұл шара жұптарға дені сау ұрпақ әкелуге көмектеседі деп санайды. 2022 жылы 800-ден астам жұп жобаның пилоттық режиміне қатысып көрген. Зерттеу нәтижелері бойынша, жұптардың 86 пайызы генетикалық сәйкестікке қол жеткізсе, 14 пайызына отбасы құру үшін қосымша медициналық көмек қажет болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: