Сәрсенбі, 16 шiлде, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Нельсон Мандела күні атап өтілмек

16.07.2025

68 0

Жыл сайын 18 шілдеде әлем халқы Нельсон Мандела күнін атап өтеді. Нәсілшілдікке қарсы күрескер, бейбітшілік пен келісімнің жаршысы болғаны көпке белгілі. Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі де атаулы күнді ескермек. Соның аясында жазасын өтеуші азаматтар арасында іс-шара өтті.
Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов Нельсон Мандела туралы тарқата айтты. Оның өмір жолы – қайсарлықтың, ел бірлігі мен бейбітшіліктің шынайы мысалы болғанын тілге тиек етті.


– Қайраткердің есімін бұрын-соңды естуім болса да, бүгін толыққанды ақпарат алдым. Манделаның мұрасы мәңгілік екеніне, оның жас ұрпаққа сабақ болатынына көзім жетті. Қоғамға пайдалы игі іспен айналысқаны үлгі боларлық. Осыдан соң мен де болашаққа зор үмітпен қарауға бекіндім, – деді жазасын өтеуші азамат.


АКАӘПТЖББ-ның жасақ бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Айзат Мырзалы атаулы күнге орай жазасын өтеуші азаматтар арасында іс-шара легі жалғасатынын айтып өтті. Спорттық жарыс ұйымдастырылатыны хабарланып, оған белсенді қатысуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: