Бейсенбі, 25 желтоқсан, 17:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

«Несие алу қиындайды»: Сенат банктер туралы заңды Мәжіліске қайтарды

25.12.2025

51 0

Фото:depositphotos.com

Сенат «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасының кейбір баптарын қолдамай, оны Мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

25 желтоқсанда Сенат депутаттары банктер туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Талқылау кезінде депутат Амангелді Нұғманов банктерге қойылатын ережелер тым қатал болса, несиелер қолжетімсіз болуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Реттеудің тым қатал болуы несие ресурстарының қолжетімділігін төмендетіп, инвестициялық белсенділіктің әлсіретіп, нақты секторға қаржы ағындарының қысқаруына әкелуі мүмкін», – деді ол.

Сенатордың айтуынша, маңызды мәселелер бойынша сарапшылар мен мемлекеттік органдар толық әрі нақты жауап бермеген. Сондықтан банктерге бақылауды күшейту олардың тұрақты жұмысы мен экономиканың дамуын тежемеуі үшін заңды жетілдіру қажет.

«Көрсетілген заңнамалық нормаларды жетілдіру қажет. Мемлекеттік реттеу тек қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен ғана шектелмей, экономиканың дамуына кедергі жасамай, инвестициялық тартымдылықты сақтауға және қаржы секторына деген сенімді арттыруға бағытталуы тиіс», – деп түсіндірді Нұғманов.

Сенат спикері Маулен Әшімбаев мәлімдегендей, негізгі комитет кейбір баптарды мақұлдамауды ұсынып, заңды Мәжіліске жаңа редакциямен қайтарады. Жалпы 16 түзету енгізілген.

«Заңның кейбір баптары мақұлданбады, заң аталмыш баптардың жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарылады», – деді Әшімбаев.

Қазақстандағы жаңа банктер туралы заң жобасы банктерді лицензиялау тәртібін жеңілдетеді. Енді банктерге базалық және әмбебап деп аталатын екі лицензия енгізіледі. Базалық лицензия микро және шағын бизнеспен жеңілдетілген шарттарда жұмыс істеуге арналған. Қазір барлық банктер әмбебап лицензия бойынша жұмыс істейді.

Сонымен қатар, бақылау тек есептілікке ғана емес, банктердің клиенттермен қарым-қатынасына да бағытталады. Бұл азаматтарды несиеге мәжбүрлеу және қарыз жүктемесінен қорғауға көмектеседі.

Сондай-ақ банктердің банкроттық жүйесі реформаланатын болады. Қаржы жүктемесі үлкен несие мен ипотекаға назар аударылды. Заң жобасында қарызды шектеу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шаралары қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: