Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде ер адам өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қайғылы оқиға 18 шілдеде болған. Ер адам өзенге батып кеткен. Оны іздеу жұмыстарымен ТЖД өкілдері айналысқан. 19 шілдеде ер адам өлі табылған.
«Бұқар Жырау ауданында, Петровка ауылынан бір шақырым жерде, Нұра өзенінде 19 шілдеде Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары іздеу жұмыстары барысында 18 шілдеде суға батып кеткен ер адамның денесін тапты»,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ер адам достарымен демалуға келгені атап өтілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!