Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев бақша өнімдерін егумен айналысатын шаруалармен кездесті

08.06.2022

880 0

Осы кезге дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азық-түлік қорын көбейту және сырттан алатын өнімдерге деген тәуелділікті азайту үшін әр аудан, қаладағы ауылдарда егін егуге арнайы жер дайындауды және бақша дақылдарын егуді тапсырған еді. Нәтижесінде, аймақта 1454 гектар жер көлемі дайындалды. Жаңақорған ауданына сапары барысында Жайылма ауылдық округіндегі егістік алқабына барды.

Бақша дақылдарын егумен айналысатын шаруалармен кездесіп, егін мәселесінде пікірлесті.
Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов 429 гектарға 3003 отбасының егістіктері орналастырылғанын жеткізді. Бұл дақылдардың 203 гектары қосалқы шаруашылықтан, ал 226 гектары шаруа қожалықтарының күшімен егілген тілге тиек етті.

Облыс әкімі қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауылдың өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, арналарға су жеткізу, насос қондырғыларын уақытылы алу мәселесін жеделдетуді тапсырды.

Нұрлыбек Нәлібаев бақша өнімдерін егумен айналысатын шаруалармен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: