Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне барып, референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Massaget.kz
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.
Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!