Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Нығматулиннің күйеу баласы «Қазаэронавигация» басшысы қызметінен босатылды

24.08.2022

857 0

Азат Бектұров «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды», – делінген министрліктің сәрсенбі күнгі ақпаратында.

Бектұров бұл кәсіпорынды 2014 жылдың тамыз айынан бері басқарды. Ол Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің бауыры Ерлан Нығматулиннің күйеу баласы. 

Еске салайық, бұған дейін ағайынды Нығматулиндер 10 жыл темір тордың ар жағында отырып, бұрын жалған қылмыстық істер бойынша ақталып шыққан балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековке қатысты қылмыстық іске қатысы бары жазылған

Нұрлан Нығматулин 2022 жылдың 1 ақпанында қаңтар оқиғасынан кейін Мәжіліс спикері қызметінен кетті. Ол 2016 жылдан бері парламенттің төменгі палатасын басқарды және бұл оның екінші төрағалығы болды – бұған дейін ол 2012-2014 жылдары Мәжіліс спикері болған. Әр жылдар ішінде президент әкімшілігін басқарды, Қарағанды облысының әкімі болды.

Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі Ерлан Нығматулин Мәжілісте де, Сенатта да төраға орынбасары болған.

Бұған дейін екі ағайындыға қатысты рейдерлік тәркілеу және қылмыстық құрылымдарға қатысы бар деген бейресми айыптаулар айтылған.

2 тамызда Нұрлан Нығматуллиннің ұлдары қадағалайтын «Қазфосфат» зауытында өрескел заңбұзушылықтар анықталғаны белгілі болды. Бұдан бұрын экология департаменті Тараз маңындағы химия зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Кейіннен компания басшылығы заңсыз пайда тапты деген күдікке ілінді. Бас прокуратура «Қазфосфатты» 697 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тапты деп айыптап, тергеу басталғанын жариялаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: