Сенбі, 16 қараша, 07:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі балық шаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

11.07.2021

1115 0

Құрметті Сыр елінің балық шаруашылығықызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – балық шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы жүзеге асырылып, облыста балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды.

Бүгінгі күні балық шаруашылығы – аймақ экономикасында өзіндік орны, тұрмыстық-шаруашылық, тарихи мән-мағынасы жоғалмаған ата кәсібіміз ғана емес, береке-байлығымыз болып отыр.

Кеңес заманында Арал өңірінен (Арал, Қазалы аудандары)8 Кеңес Одағының батыры,21 Социалистік Еңбек Ері,2 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты шыққаны белгілі.

Поволжье мен Ресейдің орталық аудандарында 1921 жылы құрғақшылық болып, аштықтан зардап шеккен халыққа көмек ретінде аралдық балықшылар14 вагон балық жібергені бүгінде аңызға айналғандай. Бұл оқиғаға биыл 100 жыл толуда.

Олай болса, Сыр елінің балығын өсіріп, оны қорғау мен молықтыруға аянбай үлес қосып жүрген сіздердің қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толайым табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін!Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: