Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма берді.
«Күн тәртібіндегі екінші мәселе тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау туралы болды. Осы жылы бюджет қаражаты есебінен 13,3 млрд. теңгеге 1269 пәтерлік 67 тұрғын үй салынады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 296 жаңа пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Жақында Үкімет 2024 жылы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Онда құрылыстың нақты көлемінің индексін 2023 жылға қарағанда кемінде 110 пайыз деңгейінде қамтамсыз ету үшін тұрғын үй құрылысы көлемін 2,5 млн. шаршы метрден 18 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту шаралары қабылданған. Аталған мәселе бойынша 26 наурыздағы мәжілісте кезек күттірмейтін бірқатар тапсырма берілді», – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, бүгінгі күнге қала және аудандарда 1 816 пәтер салынуы жоспарланып, оның 1 316-ның құрылысы басталған. Барлық ауданда мердігерлер анықталған. Нұрлыбек Машбекұлы қала және аудан әкімдеріне сатып алынуы жоспарланған тұрғын үйлердің жерін рәсімдеуді, инженерлік инфрақұрылыммен қамтуды және оларды сатып алу конкурстарын ұйымдастыруды бүгіннен бастау керектігін ескертті. Құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынуы тиіс. Үкімет қаулысында Еуропалық даму банкінің 300 млрд. теңге нарықтық қаражатын тартып, «Отбасы банкі» арқылы жаңа ипотекалық бағдарламаны 2024 жылдың мамырында іске қосу тапсырылған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!