Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі қаладағы нысандарды аралады

24.02.2024

517 0

Сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы нысандарды аралады – деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен аймақ басшысы жақында пайдалануға берілетін Өнер орталығына барды. Оның іргетасы 2022 жылдың қыркүйек айында қаланды. 1000 келушіге арналған Өнер орталығының құны 3,7 млрд теңгені құрайды. Екі қабаттан тұратын ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

Аймақ басшысы жаңа ғимаратты аралап, дайындық жұмыстарын тиянақты жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну үшін симфония оркестрі құрылды. Ұжымның салтанатты тұсаукесер рәсімі жаңа орталықта өтеді.

Ғимарат заманауи сәулет үлгісімен салынған, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мың адамға арналған мәжіліс залы, үйірме бөлмелері жұмыс істейді. Әсем ғимарат қаладағы көрікті нысандардың біріне айналып үлгерді. Алдағы уақытта жұртшылық жиі бас қосатын руханият ордасына, жас жеткіншектер бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналады.
Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы «Арай-Sunrise» балалар демалыс лагерінің жұмысымен танысты. Демалыс орны 1997 жылы құрылған. Мұнда жаз мезгілінде мыңға жуық жасөспірім демалады. Балалар демалыс уақытын тиімді өткізуі үшін 20 шақты үйірме, спорттық және танымдық іс-шаралар, түрлі қызықтарға толы күн тәртібі бекітілген. Облыс әкімі мамандармен бірге нысанның дайындығын пысықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: