Сенбі, 21 желтоқсан, 22:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2024

275 0

Сурет:aqorda

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы.

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілеген Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын мейрам. Осы күні еліміз азаттыққа ие болып, жаңа тарихи дәуір басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз», – деп атап өтті.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті жоғары деңгейге жетті.
Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім салтанат құрды.
Жас мемлекетіміздің қалыптасуына, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткізген жетістіктеріне Сыр елінің қосқан үлесі зор.
Бүгінде аймақ бюджеті еселеп артып, басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталуда. Ауқымды инвестициялық, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда маңызды шешімдер қабылданып келеді.
Қадірлі ағайын!
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік сезімі күшейіп, болашаққа деген сенімі арта түссін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, табысты еңбек тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: