Жұма, 22 қараша, 06:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Украиналық делегациямен аграрлық саладағы негізгі мәселелерді талқылады

22.07.2021

1196 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Украина ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі Николай Безуглый бастаған украиналық делегациямен кездесіп, аграрлық саладағы, оның ішінде күріш өсіру бойынша әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуге «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» директорының міндетін атқарушы Нурбол Аппазов, «Ер-Әлі» ЖШС директоры Әліби Бекжанов және украиналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы Сыр еліне арнайы келген делегаттарға алғыс айтып, Қызылорда облысы табиғи-климаттық жағдай бойынша Украинаның күріш өсіруші оңтүстік аймақтарымен ұқсас екенін атап өтті.

– Аймағымыз республика бойынша күрішке қажеттіліктің 90%-ынқамтамасызетеді.Соңғы жылдары шаруаларымыз рекордтық өнім алып жүр. Мәселен, 2020 жылы 500 мың тоннадам астам астық жиналды, күріш өнімділігі 61,8 цн/га құрады. Одан бөлек, басты дақылымыз әлемнің 10 еліне экспортталуда, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Атап өтейік, өткен жылы Украинаға Қызылорда облысынан 5,8 мың тонна күріш сыртқы нарыққа жіберіліп, экспорт көлемі 1,6 млн.долларды құрады. Ағымдағы жылдың 5 айында 1.5 млн.долларға  4,4 мың тонна күріш шығарылды.

Облыс әкімі аймақта негізінде ресейлік «Янтарь», «Лидер», «Новатор» сорттарымен қатар жергілікті «Маржан», «Әй-Керім», «Сыр сулуы» өсірілетінін ескертті.

– Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап Жалағаш ауданындағы «Ер-Әлі» шаруашылығында украиналық «Виконт», «Фагот» және «Премиум» сорттары сынамадан өтті. Нәтижесі жаман емес. Күріш өнімділігі шамасымен 90 ц/га құрады. Биыл жаңа сұрыптар 160 гектар жерге отырғызылды, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Өз кезегінде, академик Безуглый Украина күздік бидайды өсіру бойынша көшбасшы елдердің үштігінде екенін атап өтіп, бұл дақылды өңірімізде өсіруді ұсынды.

– Біз әріптестік орнатуға мүдделіміз. Жақын арада Қазақстан делегациясының Украинаға тәжірибе алмасуға келуі жоспарланған, сіздерді де елімізге келуге шақырамын. Дәнді дақылдарды өсіру технологиялары мен жоғары өнімді сұрыптармен бөлісуге дайынбыз, – деді делегация басшысы.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі украиналық әріптестерінің жұмысына сәттілік тілеп, тиімді өңіраралық әріптестік орнатылуына сенім білдірді.

Айта кетейік, украиналық делегация бүгін «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» басшылығымен өзара әріптестік мәселелері бойынша келіссөз жүргізетін болады және ертең Қызылорда облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездеспек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: