Сейсенбі, 12 тамыз, 15:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Облыста әлеуметтік қолдау ауқымы артып келеді

12.08.2025

53 0

2025-2026 оқу жылына облыс әкімінің гранты аясында облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлінді. Грант тағайындалған 100 талапкердің оқу ақысы төленіп, 72 АЕК көлемінде жүріп-тұруына, тамақ шығындарына әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биылғы ерекшелік – облыс әкімі грантының 70 пайызы жұмысшы мамандықтарға бөлініп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.

– Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік жұмыспен қамту жол картасы аясында биыл 46 560 жұмыс орнын құру жоспарланып, 7 айда 20 744 жұмыс орны ашылды. 5 942 адам бос жұмыс орындарына орналастырылып, 10 403 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Одан бөлек, Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын» құру тапсырмасына сәйкес 1988 жұмыс орны ашылды. Биыл инватакси қызметін іске асыратын 67 автокөлікке 268,9 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 1500-ден астам адам осы қызметті пайдаланды. Жыл басынан бері 3 708 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, отбасыларындағы бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 5 920 балаға қосымша төлем төленді. Сонымен қатар, бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 5 242 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Айта кету керек, облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, төленетін болады, – деді Ғабит Жұмабекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: