Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыста мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлемін алушылардың саны 25 мыңды құрайды

13.09.2024

365 0

Елімізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады. Соның бірі – мүгедектігі бар адамдар мен оларға күтім жасайтын адамдарға республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылар.

Қыркүйек айынан бастап облыста мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін алушылардың саны – 25 077 құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Тілеукүл Мырзахметова баяндап берді.

– Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлемі медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшері мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне қарай жәрдемақы мөлшері де жыл сайын ұлғайып отырады. 01.01.2024 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 43 407 теңгеге ұлғаюына байланысты 7% ға өсті. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдар – әлеуметтік тәуекел жағдайы туындағанға дейін өзі үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды алатынына қарамастан, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқығы бар. Сонымен қатар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған жағдайда, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысымен қоса қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкескелетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Бұл өзгерістер мен толықтырулар заңнамаға 2021 жылдың 24 қазаннан бастап енгізілген болатын, – деді Тілеукүл Тәңірбергенқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: