Сейсенбі, 21 қазан, 21:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Облыста қылмыс деңгейі 1,3 пайызға төмендеді

21.10.2025

39 0

Жыл басынан бері облыс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 1,3 пайызға төмендеген. Қазіргі таңда өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жалпы қылмыстың негізгі түрлері бойынша ашылу көрсеткіші өсімге ие болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев айтты.

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтар саны азайды. Жыл басынан бері жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында тоғыз мыңнан аса кездесу өткізілді. Облыс аумағында күнделікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылып келеді. Қылмыстың алдын алу және өсуіне жол бермеу үшін жаяу нарядтардың саны арттырылып, криминогендік аймақтарда жедел шаралар жүргізілді. Одан бөлек, «2024 – 2026 жылдарға арналған ұрлықтарға қарсы іс-қимыл» бағдарламасы аясында бірқатар тиісті профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының тіркелуі 50,5 пайызға азайып, ашылуы 9,6 пайызға жақсарды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, олармен 25 дерек бойынша заңсыз әрекет жасағаны анықталды. Мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында департаментпен тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде. Соның нәтижесінде белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 851 әкімшілік шара қолданылды. Ветеринария қызметкерлерімен бірлесе жалпы 364 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның 279-ы мал немесе ет өнімдерін заңсыз тасымалдау деректері болып анықталды. Сонымен қатар, 5 000-нан аса алаяқтық белгілері бар сайттар мен сілтемелер анықталып, бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесіне енгізілді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласымен 237 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, есепті мерзімде жолда жүру ережесін бұзудың 236 мыңға жуық дерегі анықталды,- деді Серік Әбдімәуленұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: