Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыста жұмыссыздық деңгейі төмендеді

25.01.2024

659 0

Аймақта жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар өз тиімділігін көрсетіп келеді. Соның бірі – оңтүстіктен солтүстікке бет алып, бос жұмыс орындарына орналасқан қызылордалықтар көбейді. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат егенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылы Солтүстік аймаққа 117 отбасы қоныс аударған. Биыл да Солтүстік өңірдегі бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өткізіледі. Сондай-ақ қоныс аударған азаматтар арасында грант ұтып, несие алған жандардың өндірген өнімдеріне арналған үлкен көрме өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.

– Былтыр облыста 86 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 9 155 бос жұмыс орны ұсынылды. Осының нәтижесінде, 3 799 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Жалпы аймақта жыл сайын Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңкелер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы біздің өңірден теріскейге 425 адам яғни, 117 отбасы қоныс аударды. Соның ішінде 146 адам тұрақты жұмысқа орналасып, баспанамен қамтылды. Облыста жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Тиісінше, өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Ал жастар арасындағы жұмыс деңгейі 3,5 пайызға тұрақтады. Сонымен қатар, 2023 жылы “Жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы” бағдарламасының шеңберінде 52 389 жұмыс орны ашылса, субсидияланған жұмыс орындарына 16 мыңнан астам адам қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасына» сәйкес, 12 916 жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың да тұрақты жұмыспен қамтылуы да біздің басты назарымызда. Осыған орай, аталмыш санаттағы 1 529 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өздерін жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие болды. Бұдан бөлек, екі мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Ал 234 адам қайтарымсыз грант алса, 964-і «Бастау бизнес» және қысқа мерзімді курстардан өтті, – деді Ғабит Жұмабекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: