Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыстың даму перспективалары Үкіметте қаралды

28.01.2023

652 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Сыр өңіріне жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

Аймақ басшысы биыл өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда салынатын 21 мектептің 10-ы және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 27 нысанның 16-сы бойынша құрылысы басталатынын мәлімдеді.

Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан қаржыландыруға ұсынылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін өндіру жөніндегі өңірлік инвестициялық жобалар Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі негізінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы  қаржыландырылатын  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобалардың тізіміне 5 бағыт бойынша 13 млрд теңгені құрайтын 6 жоба енгізілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Қараөзек» су қоймасының құрылысы» жобасы бойынша құны техникалық-экономикалық негіздеме мөлшерінен асып кетуіне байланысты мемлекеттік сараптаманың теріс қорытындысы берілгенін атап өтіп, оған түзету енгізілгенін баяндады.  Өңір үшін бұл жобаның маңыздылығын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын 2023 жылы бастауға  республикалық бюджеттен қаржыландыруды сұрады.

Облыс әкімі Үкімет басшысына егін егу маусымына дайындық шаралары туралы да баяндады. Аймақта су тапшылығы орын алған жағдайда егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы Байқоңыр қаласын дамыту бағытында  «Байконурэнерго» жылу электрстанциясын табиғи газға көшіру жұмыстары жүргізілетінін және 50 пәтерлі 5 тұрғын үй биыл пайдалануға берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру шаралары жүйелі түрде іске асырылуда.

Облыста өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында өткен жылы құны 4,8 млрд теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 175 жұмыс орны ашылатын 7 жоба іске қосылды. Ал биыл жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жұмысын бастамақ.

– Өңірде  ауылдық елді мекендердегі медицина мамандарының тапшылығын азайту мақсатында 2022 жылы 78 дәрігер жұмысқа қабылданып, олардың 17-сі елді мекендерге жолданды. 2023 жылдың 1 қаңтарына облыс деңгейіндегі тапшылық 116 дәрігерді құрайды. Биыл 80 дәрігер жұмысқа қабылданып, олардың 22-і ауылдық елді мекендерге жолданады.

Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге келген медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында тұрақты түрде қаржылай жәрдемақылар қаралып, өңірге аса қажетті медицина мамандықтары бойынша облыс әкімінің гранттары тағайындалып келеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта дәрігер тапшылығы толығымен жойылады деп күтілуде.

Қызылорда облысына жұмыс сапарыңыз барысында берген тапсырмаларыңыздың орындалуы  қатаң бақылауда, – деді өз баяндамасында облыс әкімі.

Аймақ басшысының барлық ұсыныстары мен қолдау көрсетуді сұраған мәселелері республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: