Референдумда Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев та өз таңдауын жасады. Ол дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысатынын білдірді.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы бұл күннің ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың дауысы мемлекеттің дамуына әсер ететін маңызды шешім.
– Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, референдумға қатысу үшін дауыс беру учаскесіне келдім. Әрбір дауыс ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Біздің таңдауымыз мемлекетіміздің ертеңгі бағытын айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан мен де ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасауға дайынмын, – деді Серік Дүйсенбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
