Дүйсенбі, 05 мамыр, 22:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен поэзия кеші ұйымдастырылды.

05.05.2025

22 0

Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қызылорда облысы Полиция департаменті мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен поэзия кеші ұйымдастырылды.

Қала орталығындағы Арбат алаңында өткен бұл рухани шарада полиция қызметкерлері мен этномәдени бірлестік мүшелері соғыс жылдарындағы өлеңдерді оқып, патриоттық әндерді орындады.

Кеш барысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлық пен ерлікке толы жырлар оқылып, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру мақсатында тағылымды әңгімелер айтылды. Шараға қатысушылар соғыс ардагерлерінің ерлігін еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Кеш соңында жиналған қауым бір минут үнсіздікпен майдан даласында қаза тапқан боздақтарды еске алды. Бұл поэзия кеші – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, ел тарихын ұмытпай, бейбіт өмірдің бағасын түсінудің жарқын үлгісі болды.

Облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен поэзия кеші ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: