Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Облыстық мәслихат төрағасы мәслихаттың нәзік жанды аруларын мерекемен құттықтады

06.03.2026

107 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері облыстық мәслихаттың нәзік жанды аруларын көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы, отбасындағы және қызметтегі өлшеусіз еңбегі үшін алғыс білдірді.


Мерекелік жиын барысында нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтаған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов ел дамуында әйелдер қауымының рөлі маңызды екендігіне ерекше тоқталды.


-Сіздер арқылы өміріміз нұрланып, еңбегімізге береке енеді. Сіздер тек қызметте ғана емес, отбасы, бала тәрбиесінде де үлкен рөл атқарып, қоғамның мызғымас негізін қалыптастырып келесіздер. Әрбір шаңырақтың шуақ-нұры, отбасының ұйытқысы бола білген нәзік жандарымыздың орны біз үшін қашанда маңызды. Мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қызметтеріңізге табыс тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!», – деп шынайы лебізін білдірді.


Мұнан соң, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының Алғыс хатын және гүл шоқтарын табыстады.
Өз кезегінде жиынға қатысқан нәзік жандылар қауымы ризашылықтарын жеткізіп, аналарға, әйелдер қауымына көрсетілген осындай сый-құрметтері үшін риясыз алғыстарын білдірді.
Барша нәзік жандыларға денсаулық, бақыт, сәттілік, және сарқылмас қуаныш тілейміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: