Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Өліміңе дуа жасатамын»: қармағын жоғалтып алған тұрғын ашуға булықты

26.07.2023

891 0

Желіде ерекше хабарландыру жазылған сурет тарады. Ондағы жазба қолданушылар назарын аударды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-дағы танымал пабликтердің бірінде көшеде ілінген картон плакаттың суреті жарияланды. Онда белгісіз біреуге қарғыс тілеген хабарландыру жазылған. Жазба авторы қармақтарды қайтаруды сұрайды.

2GIS деректеріне сүйенетін болсақ, бес қабатты тұрғын үй ғимаратында бірнеше нысан орналасқан, оның ішінде АХАТ бөлімі (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі) де бар. Хабарландыруда «қармақтарды қайтар, болмаса сенің өліміңе дуа жасатамын» деген сөздер жазылған.

Пост сипаттамасына жүзге жуық пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары суретте бәрі әдемі екенін және міндетті түрде көруге тұрарлық екенін айтқан.

«Бұл суретте бәрі керемет: қарғыс жазылған картон, қоқыс, тұтқасы жоқ қорқынышты есік», «Сұрақтар көп, жауаптар аз, «Ұрланған қармақтар неге АХАТ маңында болғаны түсініксіз. Бір адам балық аулауға бара жатып, жол бойында АХАТ бөліміне кіріп шыққан ба? Онда ажырауға барғаны анық», «Ешкім қоқысты ойлап тұрған жоқ», – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Редакция Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен жағдайға байланысты пікір беруді сұраған. Мәтіннің авторы 60-тан асқан екен.

«Өзгелерге құрметсіздік көрсетілген және қоғамдық тәртіпті бұзатын сөздері бар хабарландыру авторы анықталды. Ол 1962 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мұндай қойылым себебін түсіндірді. Ол шілдеде Әл-Фараби, 43-үй маңына екі қармақты қойып, қараусыз қалдырып кеткенін айтты. Біраз уақыттан кейін ол қармақтар жоғалғанын байқаған», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам сол жерде қармақтарды қайтарып беруді сұрап, бірнеше рет хабарландыру қалдырған.

«Бірнеше әрекеттен кейін ол шыдамай, жоғарыда көрсетілген жазуы бар белгіні қалдырып кеткен. Қазіргі уақытта азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған айыппұл салынады, 20 АЕК, яғни 69 000 теңге», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: