Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасына Қуандық Бишімбаевқа қатысты жазба жариялады. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Өлтіріп, артынан асылық айту – еркекке тән тірлік пе? Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев марқұмның махаббат тарихын аяусыз айтып, өзін ақтап, халықты адастыруға тырысып жатқандай… Неге судья ерік береді оған?
Салтанаттың ата-анасына, ағасына қаншалықты қиын екенін айтпағанда, сырттай бақылап отырған біздер бұлқан-талқан болып отырмыз.
Ол не десе, о десін. Бірақ біз, әйелдер, бірігіп, бір ойдан айнымайық!» – деп жазды тележүргізуші.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!