Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Өмірмен қоштасып жатқандар жетерлік»: Мәжіліс депутаты

11.10.2024

602 0

Фото: https://www.instagram.com/daulet_mukayev/

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев сыраға қатысты жарнамаға шүйлігіп, Өскемен қаласының әкімдігіне үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Халық қалаулысы сәтсіз жарнаманы сынап, дереу шара қолдануын талап етті.  

“Өскемендегі сұмдық: “Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз үшін жарқын болуы үшін қайнатамыз” деген жарнаманы қараңызшы. Елді дүр сілкіндірген талғардағы 16 жасар Шерзаттың өлімі дәл осы бір шөлмек сырадан болып отырған жоқ па?! Қайдағы жарқын өмір. Бүгініміз қорқынышқа, ертеңіміз белгісіздікке толы болса?! Мәдениет және Ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан әкімдігінің назарына! Мынадай жарнамаға жол берілмеуі керек. Қай заманнан бері сыра қайнату бізге жарқын өмір сыйлаған. Керісінше өмірмен қоштасып жатқандар жетерлік. Бұл жарнама Өскемен қаласындағы Өтепов 27-үйінде ілінген. Шұғыл шара қолдануды сұраймын”, – деді депутат. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: