Астана қаласында өткен салтанатты шарада «Өнегелі отбасы республикалық байқауының жеңімпазы, Қызылорда қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің №60 мекеме басығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы, «Ускенбаевтар отбасы» номенациясымен І орынды жеңіп алды. Жеңімпаз отбасы мүшелеріне «Өнегелі отбасы төсбелгісі, жеке куәлігі, кубогы табысталды. Сонымен қатар Ускенбаевтар отбасының елге, қоғамға сіңірген еңбегін жастарға насихаттау мақсатында «Өнегелі отбасы» атты жинақ кітапшасына енгізілді.
Адам баласының өміріндегі ең құнды қазынасы-отбасы. Осы отбасының қамқоршы тірегі-ер азаматы, шаңырағының шырайын келтірір ұйытқысы-адал жары, ал сол шаңырақты береке мен мерекеге толыратын бақыты-балалары. Әке мен анадан көрген өнеге –баланың болашақ бағдаршамы дей келе «Ускенбаевтар отбасының» ұрпақ тәрбиесіндегі ізгілікті жолы мен өнегелі өмірлік ұстанымдарына шын жүректен қошемет білдіреміз. Бұл марапат сіздердің отбасылық бірліктеріңіз бен өзара сыйластығыңыз қоғамға қосқан зор үлесіңіздің лайықы бағасы деп білеміз.
Бұл байқаудың басты мақсаты да қоғамдағы үлгілі отбасы институтының жаңа имиджін насхаттау мен дәстүрлі отбасы құндылықтарының өнегелі үлгісін дәріптеу болады.
«Өнегелі отбасы» байқауына қатысып жүлдегер болғанымызға қуаныштымыз. «Отан отбасынан басталады» деген даналыққа мән берсек, отанымыздың мықты, тәуелсіздігіміздің тұрақты болуы үшін әр отбасы мықты, өнегелі болуы шарт деп ойлаймын деді Ускенбаевар отбасының мүшесі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы.
№60 мекеме баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!