Бейсенбі, 28 қараша, 14:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Өнерден алшақтағым келеді»: Ерке Есмахан әншіліктен кете ме?

06.03.2023

1039 0

Сурет: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан алдағы жоспарымен бөлісіп, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші рет отбасын құрған өнер иесі әлеуметтік желідегі оқырманның сұрақтарына жауап берді.

“Өнерде қаласыз ба әлде үйде отыратын келіншек боласыз ба?” деген сауалға Ерке: “Сырға салуға” келгенде “ән айтамын десе, айтқызамыз, билеймін десе, билетеміз. Өнеріне еш кедергі болмаймыз” деді үлкендер. Күйеуімнің де еш қарсылығы жоқ. Бірақ өзім кішкене өнерден алшақтағым келетін сияқты”, – деп жауап қайырды. 

Сондай-ақ күйеуі өзін қалай еркелетінін айтқан Ерке Есмахан көпшіліктен ескерту алды.

“Еркелетудің шегі жоқ. Өзгере береді. “Ерке кемпір” деген комментарийді оқып алған. Енді “ақкемпірім” деп еркелетіп жүр”, – дейді әнші.

Оқырмандардың арасында “кемпір” сөзінің мағынасын түсіндіріп, олай қалжыңдауға болмайтынын ескерткендер де табылды.

“Кемпір” деп айтпау керек екен. “Кем” – деген жоқ, “пір” – күйеу деген мағынаны береді. Ертеде күйеуі жоқ әйелдерді “кемпір” деген”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі. Мұны оқыған Ерке сөздің мағынасын жете түсінбегенін айтып, кешірім сұрады.

“Осындай хат көп келді. Мағынасын білмеппіз, кешіріңіздер. Мені мысқылдап “кемпір” деген комментті оқып, күйеуімнің соларға ерегесіп, “Ақкемпірім” деп еркелетіп жүргені ғой. “Енді олай айтпаймын, жаным, сәнім, әнім” деп жатыр Рәке”, – деп жазды Ерке.

"Өнерден алшақтағым келеді": Ерке Есмахан әншіліктен кете ме?

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: