Сәрсенбі, 20 тамыз, 13:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басты назарда

20.08.2025

42 0

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – өндірістік саладағы маңызды міндеттердің бірі. Қауіпті нысандардың жобалау құжаттамасын қарау, олардың орналасуына бақылау жасау және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу – осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Әділжан Дабылов мәлімдеді.

– Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Басқарманың негізгі міндеттерінің бірі – қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың алдын алу, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру және тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әсіресе, қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте басқарма мамандары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге басымдық береді. Соңғы жылдары облыс көлемінде қала әкімдігімен және басқа да уәкілетті органдармен бірлескен профилактикалық түсіндіру жұмыстары нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысандар ретке келтірілді. Сонымен қатар, жаңа жобалар мен құрылыстарды сараптау барысында заңнама талаптарының орындалуына ерекше назар аударылуда. Біздің басты мақсатымыз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын қадағалау. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады, – деді Әділжан Бөріұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: