Аудан мәдениеті мен өнерін дамыту жолында ұзақ жылдан бері еселі еңбек етіп келе жатқан жұлдызды жанұя — Ділмановтар отбасы.
Бүгін олар №335 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Отағасы Ділманов Сайран мен отанасы Әкімбаева Кенже екеуі де М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы №2 және №3 мәдени-демалыс кешендерінде жетекшілік қызметін атқарады. Сонымен қатар, олар аудан жұртшылығына кеңінен танымал әншілер ретінде түрлі мәдени шараларда өнер көрсетіп келеді.
Өнерлі жанұяның ізін жалғап келе жатқан ұлдары Айдарбек Молдабек те ата-анасының жолын қуып, өнер саласында еңбек етуде.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
