Жұма, 27 желтоқсан, 05:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру керек – Үкімет басшысы

14.03.2023

710 0

Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысын жалғастыруы қажет. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайлыов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Сыртқы және ішкі сын-қатерлерді ескере отырып, алдағы айларда да экономиканың тұрақты өсу қарқынын ұстап тұру өте маңызды. Осыған байланысты, министрлер өңір әкімдерімен бірлесіп, экономиканы одан әрі әртараптандыру мен тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беруі қажет. Іскерлік белсенділікті арттырып, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту, жоспарланған инвестициялық жобалар пулын іске асыру жұмысын күшейту керек”, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, бизнестегі барлық проблемалық мәселелерді шешу қажет.

“Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысын жалғастыруы керек. Инфляция деңгейін төмендету үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажет. Бюджет қаражатын уақытылы игеруге келсек, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржылық тәртіпті күшейту керек. Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін бюджеттік параметрлердің қатаң сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз етіңіздер”, – деп тапсырма берді премьер-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: