Бейсенбі, 15 қаңтар, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Өңірде 141 мемлекеттік бақылау тексеруі жүргізілді

15.01.2026

42 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өткен жылы техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік қадағалау және бақылау шеңберінде барлығы 141 тексеру жүргізілді. Аталған тексерулер өнім қауіпсіздігі, техникалық регламенттер талаптарының сақталуы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында департамент басшысы Бауыржан Қарсақбаев мәлімдеді.

– Тексеру жұмыстары жоспардан тыс, құқық қорғау органдарының тапсырмасы негізінде және профилактикалық бақылау форматында жүргізілді. Нәтижесінде бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар беріліп, 3 әкімшілік іс қаралды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерге жүргізілген мониторинг барысында 272 өлшем құралдары салыстырылып тексеру сертификаттары заң талаптарына сәйкес келмегендіктен, олардың күші жойылды. Облыс аумағындағы жеке меншік медициналық орталықтар мен зертханаларға қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізіліп, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң талаптарының бұзылуына байланысты 39 субъектіге ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдар өткізетін кәсіпкерлерге қатысты 42 профилактикалық бақылау шарасы ұйымдастырылды. Бұзушылық анықталған субъектілер алдағы уақытта бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін тізімге енгізілді. Бақылау сатып алу бағдарламасы аясында тұрмыстық электр тауарлары мен жанармай өнімдері сынақтан өткізілді. Сынақ нәтижесінде бірқатар тұрмыстық электр тауарлары техникалық регламент талаптарына сай келмейтіні анықталып, оларды айналымнан алу туралы шешім қабылданды, – деді Бауыржан Бақытбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: