Бейсенбі, 22 қаңтар, 23:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Өңірде өрт оқиғаларының саны төмендеген

22.01.2026

51 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақта жылу беру маусымы басталғалы тұрғын секторларындағы өрт оқиғасы 21,4 пайызға төмендеп, улы газдан улану жағдайлары мүлде тіркелмеген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов мәлімдеді.

– Өткен жылы облыс аумағында 471 өрт оқиғасы тіркелді. Жалпы, орын алып жатқан өрт оқиғаларының басым бөлігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан туындап отыр. Мойындау керек, тұрғындар көп жағдайда тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермей, соның салдарынан электр желілері қысқаша тұйықталып қалады. Осыған байланысты жылу беру маусымы кезеңінде өрттің алдын алу, адам өлімі мен жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында әр аптаның сәрсенбі, жұмажәне сенбі күндері жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және қоғамдық бірлестіктерінің еріктілерімен бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде 95 217 тұрғын үй ауласы араланып, тұрғындармен 259 кездесу өткізілді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімге сәйкес, әлеуметтік осал топтағы 6 825 отбасының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 484 дана табиғи газды және 85 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылып, түрғындарға оларды пайдалану тәртібі түсіндірілді,- деді Бейбітхан Оразайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: