Дүйсенбі, 02 наурыз, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Өңірлік коалиция өкілдері Аманөткел ауылының тұрғындарымен кездесті

02.03.2026

53 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы Арал ауданында болып, Аманөткел ауылы тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен ел болашағына әсерін жан-жақты баяндау.
Кездесуге өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, өңірлік коалиция мүшелері Садық Мұстафа мен Ержан Искендер, аумақтық коалиция жетекшісі Базарбай Төрахметов, сондай-ақ аумақтық коалиция мүшелері Т.Қанатов және Б.Алипов қатысты.
Кездесуде конституциялық реформаның негізгі бағыттары кеңінен талқыланып, әділеттілікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелері қозғалды. Ұсынылып отырған өзгерістер ауылдық аумақтардың дамуына жаңа серпін беріп, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларындағы мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Кездесу барысында өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов Конституцияның қоғам өміріндегі айрықша рөліне тоқталып, онда көзделген бірқатар маңызды өзгерістерді атап өтті.
Сондай-ақ, Жаңа Конституция жобасының саяси-құқықтық мазмұны, оның қоғам сұранысына сәйкестігі және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мен жаңғыртудағы рөлі кеңінен сөз болды.
Кездесуде Аманөткел ауылының тұрғындары өз сауалдарын қойып, ой-пікірлерін ашық білдірді. Коалиция мүшелері әрбір сұраққа нақты жауап беріп, мазмұнды диалог өрбіді.
Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасын халықтың талап-тілегі ескерілген маңызды құжат ретінде бағалап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда азаматтық белсенділік танытуға дайын екендіктерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: