Сейсенбі, 09 қыркүйек, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Өнімдер қауіпсіздігі – саулық негізі

09.09.2025

65 0

Бүгінгі таңда тұтынушылар үшін дүкен сөрелерінде таңдау межесі өте кең. Дегенмен оның барлығы бірдей қауіпсіз әрі сапалы бола бермейтіні анық. Қаптаманың арғы жағында не жатқанын білу – саналы таңдау жасау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен өнімдер қауіпсіздігін бақылау мақсатында мониторингілеу тұрақты түрде жүргізіледі.


Жыл басынан бері облыстағы сауда орындарынан барлығы 1093 сынама сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бақылауға алынған өнімдердің 73% – тағам өнімдерін, атап айтқанда сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері, кондитерлік өнімдер, көкөністер мен жеміс-жидектер, шырындар мен алкогольсіз сусындар және балаларға арналған тамақ өнімдері.
Бұдан бөлек, тамақ емес өнімдерге, оның ішінде балаларға арналған ойыншықтар, парфюмерлі-косметикалық өнімдер, тұрмыстық химия заттары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен жеке гигиена заттары.
Іріктеп алынған сынамалардың ішінде отандық өнімдер үлесі – 16,5%, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер – 52,2% және өзге елдерде өндірілгендер үлесі- 31%.
ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 189 үлгісі, яғни 17,3 пайызы техникалық регламенттер талаптарына сай келмей шықты. Басым көпшілігі, таңбалануы бойынша сәйкес келмеді, яғни өнім қаптамасында мемлекеттік тілде ақпараттар ұсынылмаған. Дұрыс әрі толық таңбаламаның болмауы қауіпсіз сатып алуға елеулі кедергі келтіретіні анық .Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша сауда объектілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шаралары рәсімделді.

Ерлан Ұзақбаев,
Қызылорда облысының СЭБД басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: