Бейсенбі, 16 қазан, 14:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Өнімдер қауіпсіздігі тұрақты бақылауда

16.10.2025

43 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен өнімдердің қауіпсіздігін бақылау мақсатында 2025 жылдың 9 айында 103 сауда орнынан 1241 сынама сатып алынып, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 74,5% – тағам өнімдері, оның ішінде сүт пен кондитерлік өнімдер, ұн және жарма өнімдері, алкогольсіз сусындар, май өнімдері мен балаларға арналған тамақ өнімдері, көкөніс-жемістер, ет және ет өнімдері. Бұдан бөлек, тамақ емес өнімдер – ойыншықтар, жеке гигиена заттары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, тұрмыстық химия заттары, парфюмерлі-косметикалық өнімдер бар.

Іріктеуге алынған 1241өнімнің 17,8% – отандық өнімдер, 52,2% – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 30% – өзге елдер өнімдерінің үлесінде.

Өнім сынамаларына «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 1241 сынаманың 18,9% техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді. Басым көпшілігі таңбалануы бойынша анықталды. Яғни, өнімнің қаптамасында өнімінің атауы, құрамы, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан орны, қолдануға арналған нұсқаулар мен шектеулер, тағам құндылығының көрсеткіштері, мемлекеттік тілде мәліметтер көрсетілмеген. Талаптарға сәйкес келмеген өнімдер бойынша 80 сауда объектісіне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы ресімделді. Жалпы құны 979 539 теңгені құрайтын 203 кг тағам өнімдерінен: май, сүт, құс өнімдері, ұн, жарма өнімдері мен алкогольсіз сусындар сатылымнан алынып тасталды. Сонымен қатар таңбалануы бойынша сәйкес келмеген 100 дана ойыншық сауда сөрелерінен алынды.

Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен азық-түлік тауарларын ілеспе құжаттарынсыз сатқан сауда орындарына қатысты түскен хаттары бойынша 3 жеке кәсіпкерлік субъектісіне ӘҚБтК-нің 203-бабымен 45 АЕК мөлшерінде қысқартылған тәртіпте хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Аталған жұмыстар тұрақты жалғасуда.

Ерлан Ұзақбаев Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: